Алматыда Өзбекстан азаматтары құлдықта болған

Алматыда жеке меншік үйлердің бірінде Өзбекстан азаматтары құлдықта болған.

«Арызданушылар оларды жергілікті тұрғындар жеке үйде ұстап, жеке заттары мен ұялы телефондарын тартып алғанын хабарлады», — делінген Өзбекстан СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бас консулдық қызметкерлері Алматы қаласы құқық қорғау органдарының бірге барып, көршілес елдің азаматтарын Бостандық аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Қылмыскерлерге қатысты ҚР ҚК 389-бабы (өзiнше билiк ету) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда азаматтар Өзбекстанға аман-есен оралды.

Добавить комментарий