Қазақстандық мұнайды тиеп жөнелту айлақтарында минасыздандыру жұмыстары жүргізіледі

Ашық ақпарат көздерінің хабарлауынша, қазақстандық мұнайды жөнелту айлақтарында минасыздандыру жұмыстары 2022 жылдың 5 шілдесіне дейін ұзартылды.

Еске салайық, минасыздандыру жұмыстары Каспий Құбыр Консорциумының (КҚК) айлағында жүргізіледі.

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ұлттық компаниясы » АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«ЖАҚ-2 маңайында минасыздандыру жұмыстары аяқталуға жақын екендігі, шілденің 1-нен бастап мұнай құбыры екі айлақ арқылы жұмыс істейді. ЖАҚ-1 акваториясындағы қауіпті заттарды іздеу жұмыстары 2022 жылдың 5 шілдесіне дейін аяқталады деп жоспарлануда», — делінген жұма күні Мәскеуде өткен ҚМГ басқарма төрағасы Мағзұм Мирзағалиев пен «Транснефть» PAO президенті Николай Токаревпен өткен кездесуің қорытындысы бойынша таратылған хабарламада.

Кездесуде ЖАҚ-1 және ЖАҚ-2 маңайын жарылғыш заттардан тазарту бойынша жүріп жатқан жұмыстарға байланысты КҚК теңіз терминалындағы қазіргі жағдайына айрықша ден қойылды.

«Бірінші және екінші жылжымалы айлақ құрылғылары акваториясында су астындағы қауіпті заттарды жете тексеру және кәдеге жарату жұмыстарын Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі осы жылдың 15 маусымнан бері жүргізіп келеді. Үшінші жылжымалы айлақ қалыпты жұмыс істеп тұр. Бастапқыда миналардан тазарту жұмыстарын маусымның 25-не дейін аяқтау жоспарланған еді. Бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты осы жылдың 5-ші шілдесіне дейін ұзартылды», — делінген хабарламада.

ҚМГ мен «Транснефть» ЖАҚ басшылары осы жағдайларға қарамастан, КҚК қазақстандық мұнайды жүк берушілердің кестесіне сай кідіріссіз жөнелтіп жатқандығын атап өтті.

«Бірінші және екінші жылжымалы айлақ құрылғылары маңайын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстарының барысы жайлы пікір алмасқаннан кейін М.Мырзағалиев пен Н.Токарев жұмыстар уақытылы аяқталатынына сенім білдірді. Сонымен қатар үш айлақтың да тұрақты жұмыс істеп тұруының маңыздылығына тоқталды», — деп қосты ҚМГ.

«КҚК» АҚ акционерлері: Ресей Федерациясы («Транснефть» ЖАҚ)-31%; «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ — 20,75 %; Шеврон — 15%; ЛУКОЙЛ — 12,5%; ЭкксонМобил — 7,5%; Роснефть-Шелл — 7,5%; Шелл — 3,75%; ЭНИ — 2%.

Добавить комментарий