Алматыда қысқаметражды фильмдер көрсетіледі

Алматыда қазақстандық режиссерлердің қысқаметражды фильмдерінің ашық көрсетілімі өтеді.

Іс-шара 23-26 қараша аралығында «Арман» киноорталығында (Достық, 104) өтеді.

Маңызды! Көрермендер үшін кіру — тегін.

Төрт күннің ішінде көрермендер екі анимациялық, үш деректі және жеті қысқаметражды фильмді тамашалай алады.

Басқа қалалардағы көрсетілім. Желтоқсан айының басында Short Anima Doc Нұр-Сұлтанда өтеді.

Добавить комментарий