Алматыда қылмыстық топ жаңа туған нәрестелерді сатқан

Алматыда тәртіп сақшылары жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан күдіктілерді ұстады. Қолда бар мәліметтер бойынша, оларды заңсыз асырап алу мақсатында баласы жоқ отбасыларға сатқан.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер күдіктілердің балаларынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдерді және баласы жоқ отбасы жұптарды іздестірумен айналысқанын анықтады. Кейінірек олар жалған құжаттар дайындаған.

Полиция «Кәмелетке толмағандарды сату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Добавить комментарий