Алматыда елордалық ЖЭО-ні газға көшіру үшін жаңа газ станциясын салу жоспарлануда.
Алматыдағы ЖЭО-2-ні газға көшіру: жаңа жоба желтоқсанға дейін сараптамадан өтеді
Алматыдағы ЖЭО-2 алаңында жаңа газ стансасы салынбақ. Бұл туралы Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқарамасының төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Ержан Медетов қаланың экологиялық мәселелерін шешу жол картасы бойынша халық алдында есеп беру кезінде мәлімдеді.
Медетов ескі ЖЭО қазандықтарын газға көшірудің бастапқы жобасы мемлекеттік сараптамадан өтпей қалғанын еске салды.
«Жобаға тапсырыс берушілер бірінші нұсқа бойынша сараптамадан өтпеді. Қазір төртінші нұсқа бойынша, яғни бу-газ қондырғысы негізінде жаңа станция арқылы ауысу қарастырылып жатыр. Сараптаманы 30 қыркүйектен желтоқсанға дейін өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы қондырғыдан кейін улы заттардың шығарылуы шамамен 93 пайызға дейін төмендейді», — деді Медетов.
Сондай-ақ, ол қызығушылық білдірген институттармен ЖЭО-3 жаңғыртудың техникалық бағыты анықталғанын хабарлады. Ол бойынша бу-газ қондырғысы да жабдықталады. Жақын арада осы жобаның ТЭН (техникалық-экономикалық негіздеу) дайындайтын мердігер компанияны анықтауға арналған байқау басталады.
Естеріңізге сала кетейік, үкімет 2020 жылдың қазан айында ЖЭО-ні газға ауыстырудың төрт нұсқасының бірін қабылдаған. Бастапқыда бұл ескі станцияны жетілдіріп, жаңа қазандық орнату нұсқасы болды. 2021 жылы сәуір айында жоба мемлекеттік сараптамадан өтпеді, сонымен қатар ол 98 миллиард теңгеден 131 миллиард теңгеге дейін қымбаттады. Жаңа станцияның құрылысына 273,818 миллиард теңге қажет болды.