Алматы тұрғындарына назар аударыңыз! 5 шілде мен 3 тамыз аралығында Барыс көшесінен Жаужүрек көшесіне дейін Боралдай тас жолында көлік қозғалысы шектеледі. Су құбыры мен кәріз желілерін салу бойынша жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін осы ауданда ұзындығы 3,5 км су құбыры және 2,8 км кәріз желісін салынады. Бұл жобаның арқасында Алатау ауданының 2,5 мың тұрғыны тұрақты желілермен қамтылады.
Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және көрсетілген аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз. Алайда бұл инфрақұрылымды жаңғыртуға және Алматының барлық тұрғындары үшін жайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шара.