Алматыдағы атауы жоқ көшелерге жаңа атау беріледі

Алматыдағы атауы жоқ көшелерге Жақсылық Үшкемпіров, Лев Гумилев, Түркияның бұрынғы премьер-министрі Аднан Мендерес және басқа да көрнекті қайраткерлер есімдері беріледі.

Алматы мәслихатының депутаттары қаланың Алатау, Бостандық және Медеу аудандарының көшелеріне мәдениет және ғылым саласындағы көрнекті тұлғалардың, еліміздің дамуына үлес қосқан мемлекет қайраткерлерінің есімін беруді бекітті.

Нұркет, Ерменсай, Нұр Алатау, Нұрлытау және Алатау шағын аудандарындағы атауы жоқ көшелерге төмендегі тұлғалардың есімі беріледі:

Олимпиада ойындарының алғашқы қазақ чемпионы — Жақсылық Үшкемпіров.

Композитор Қаршыға Ахмедиярұлы.

Академик және композитор Ғазиза Ахметқызы.

Қазақ КСР халық әртісі Роза Үмбетқызы.

Ақын және публицист Мәшһур Жүсіп.

Археолог, этнолог және шығыстанушы Лев Гумилев және т.б. қоғам қайраткерлері.

Қалалық мәслихат көшелердің бірінің атауы ХХ ғасырдың ортасында Түркияға қоныс аударған отандастарымызға өз қызметі кезінде көмек көрсеткен көрнекті саясаткер және Түркияның экс-премьер-министрі Аднан Мендереске берілетінін атап өтті.

Добавить комментарий