Алматы полициясына Түрксіб ауданындағы теміржолдың маңында жағымсыз иіс туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұталардың арасынан ер адамның мәйітін тапты. Тексеру кезінде құжаттары да табылды. Ол — 49 жаста, — деді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Нақтыланғандай, сараптама кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ
.
Өлімнің себебін анықтау үшін ер адамның денесі қалалық мәйітханаға жеткізілді.