Алматыда тағы бір жер сілкінісі тіркелді

Алматыда тағы бір жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ жанындағы «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі. Мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісі 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақыты бойынша 15:07:09-да тіркелген.

Жер асты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда сезімталдық деңгейі екі баллды құрайды.

«Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС мәліметінше, жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,6, MPV магнитудасы — 4,9 ,fkk, ‘пицентр координаттары – 41,14° солтүстік. 78,57°D, тереңдігі — 5 шақырым.

Қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағындағы жер сілкіністерін тіркеді. Соңғы жаңартуларды қадағалап, осы оқиғаға байланысты қала тұрғындарының реакциясын оқыңыздар.

Добавить комментарий