Алматыда синтетикалық есірткінің ірі партиясы анықталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі синтетикалық есірткіні заңсыз жасаумен айналысқан зертхананы жойғанын хабарлады.

Ақпан айынығ басында ҰҚК Алматы психотроптық заттарды заңсыз жасау бойынша есірткі зертханасын жойды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

«Көрсетілген құқыққа қайшы әрекетке қатыстылығы үшін оңтүстік астананың тұрғыны ұсталды. Заңсыз айналымнан шамамен 9 кг мефедрон және «α-PVP» психотроптық заттары алынды, олардың қара нарықтағы құны 149 млн. теңгеге бағаланып отыр», — делінген Комитеттің хабарламасында.

Басқа зерттеу барысында Алматы қаласында еліміздің батыс өңірлеріне жеткізу үшін арналған 500-ден астам «экстази» таблеткасы жасырылған жөнелтілім анықталды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде, баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылғы 7 ақпанда ҚР азаматы ұсталды, оның тұрғылықты жері бойынша қосымша 200 г «а-PVP» психотроптық заты алынды.

Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткіз) бойынша басталды. Ол үшін мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Добавить комментарий