Алматы әкімдігі қала аумағындағы Шығыс айналма автжолы жөндеу жұмыстарына байланысты жабылғанын хабарлады.
«Жол жөндеу жұмыстарына байланысты 6 шілде күні сағат 21:00-ден 7 шілде сағат 07:00 аралығында түнгі уақытта Шығыс айналма автожолының Жарбұлақ өзенінен Төле би көшесіне дейінгі бөлігінің шығыс бетінде көлік қозғалысы уақытща ішінара жабылады», — деп хабарлады қала әкімдігі.
Әкімдік келтірілген қолайсыздықтары үшін кешірім сұрап, жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.