Алматыда сауда орталықтарына сенбі күні жұмыс істеуіне рұқсат берді

Алматыда сауда орталықтары мен қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс тәртібі өзгереді.

Қоғамдық тамақтану нысандарына, оның ішінде СОО-да орналасқан нысандарға жұмыс уақыты бір сағатқа — 23.00 сағатқа дейін ұзартылды.

Алматыда сауда-ойын-сауық орталықтары жексенбі күндері жұмыс істемейді, сенбі күні жұмыс уақыты 17.00-ге дейін шектеледі. Мұндай шешім ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен жиында қабылданды.

Жиын қорытындысы бойынша Алматы қаласының әкімдігіне тапсырмалар берді:

қызметкерлер саны 15 және одан да көп адамды құрайтын ұйым қызметкерлерінің 60-80%-ын қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшіру;

мектепке дейінгі балалар мекемелерінде қосымша кезекші топтар, қала мектептерінде кезекші сыныптар ашуды тоқтата тұру;

жексенбі күндері санитарлық күнге жабыла отырып, СОО, сауда объектілерінің жұмысын сенбі күні сағат 17.00-ге дейін шектеу;

қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан нысандардың қызметіне сағат 7.00-ден 23:00-ге дейін, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, отыратын орындар саны 50-ден аспаған жағдайда қызметіне рұқсат ету (шотты 22.00-ге дейін жабу қажет);

өнеркәсіптік, құрылыс, көлік кәсіпорындарының қызметкерлерін жұмысқа жеткізу және тасымалдау үшін ұйымдарға қызметтік көлікті ұсыну;

жұмыс күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ХҚКО жұмысын ұйымдастыру;

тестілік режимде жұмыс істеу кезінде белгіленген шектеу шараларын сақтай отырып, туризм объектілерінің жұмысын жалғастыру.

«Бүгін қойылған міндеттерді қаланың бас санитарлық дәрігерімен бірлесіп талдап, қажетті шараларды қолдануды сұраймын», — деді Ералы Тоғжанов.

COVID-19-дың таралу қарқыны бойынша Алматы «сары» аймақта орналасқан. Күздің басында және ортасында төмендегеннен кейін аурудың өсуі байқалады. Жұқтыру ошақтарының көп саны Бостандық, Алмалы, Әуезов және Медеу аудандарында орналасқан.

Өсу себептері мен жұқтыру көздері: қоғамдық орындарға бару, үй ошақтарында, қалалық көлікте, жұмыс орнында байланыс, сондай-ақ шет елдерден әкелу, делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Алматыда пандемияның жаңа толқынына 7011 төсек-орын қуаттылығымен, соның ішінде 250 реанимациялық орынмен 23 ковидті клиника дайындалды. Үш жаңа жұқпалы аурулар стационары салынып, екі клиника қайта жөнделді.

Добавить комментарий