Алматыдағы құрылыс нысандарының бірінде өрт шықты. Бостандық ауданында салынып жатқан Miracle тұрғын үй кешені өртенді.
Қалалық ТЖ департаменті өрт сөндірілгенін хабарлады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Алматы қаласының өрт сөндіру бөлімшелері сағат 14-57-де Бостандық ауданына Абай даңғылы, Қашғар көшесінің қиылысына жіберілді.. Оқиға орнына жеткеннен кейін 4 минутта салынып жатқан 9 қабатты ғимараттың 2-ші қабатында өрт шыққаны анықталды. Өрт 15-07-де оқшауланып, 15-13-те жойылды», — делінген хабарламада.
Еске салайық, 8 қарашада Алматының Медеу ауданында әкімшілік ғимарат өртеніп, жалынның мейрамхана таралу қаупі туындаған. Келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды.