Алматыда өрт шықты: Жанып жатқан үйден 20 адам құтқарылды

Өткен түні оңтүстік астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде шыққан қызыл жалын ауыздықталды.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 17 мамыр күні сағат 22: 44-те кезекші пультке Түрксіб ауданында орналасқан тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖД күштерi мен құралдары Спасская көшесi 63 мекенжайына шақыртудың жоғары дәрежесiмен жiберiлдi. Өрт сөндipушiлер келгенде 3 қабатты тұрғын үйдiң балконы шатырға тарап 300 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жанып жатты. Үшінші қабатта орналасқан барлық пәтерлерге оттың таралу қаупі төнді. Өрт сөндірушілердің күшімен тілсіз жау бір сағаттың ішінде толығымен ауыздықталды.

Газ-түтiннен қорғау қызметiмен пәтерде адамдардың бар жоғына барлау жүргiзiлiп, 20 адам эвакуацияланды, оның ішінде — жетеуі балалар.

17 мамырда 22 сағат 44 минутта ТЖД күштерi мен құралдары Түрксiб ауданы Спасская көшесi 63 мекенжайына шақыртудың жоғары дәрежесiмен жiберiлдi.Өрт сөндipушiлер келгенде 3 қабатты тұрғын үйдiң балконы шатырға тарап 300 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жанып жатты, 3 қабатта орналасқан барлық пәтерлерге қызыл жалынның таралу қаупi туындады. Жедел штаб құрылып, өрт оқпандары берiлдi, aвтоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды

Газ-түтiннен қорғау қызметiмен пәтерде адамдардың бар жоғына барлау жүргiзiлiп, 20 адам эвакуацияланды, оның ішінде — жетеуі балалар.

Қабылданған шаралармен өрт 37 минутта оқшауланып, 23 сағат 56 минутта толықтай жойылды.

Өрттi cөндiруге жеке құрамнан 74 адам және 21 бipлiк техника жұмылдырылды

Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ», — деп хабарлады ТЖД.

Добавить комментарий