Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдеріне және Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамына Құрбан айт мерекесі кезінде қатаң карантин шараларын сақтауды тапсырды.
Атап айтқанда, Ж. Бекшин былай деп қаулы етті:
1) Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның күрт өсуіне байланысты меншік нысанына қарамастан ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үй шаруашылықтары мен медреселерде адамдар көп жиналатын іс-шараларды (соның ішінде айт намазы) өткізуге тыйым салынады;
2) БАҚ, әлеуметтік желілер және басқа да құралдар арқылы онлайн режимде құрбандық шалу (құрбандық шалуды) ұйымдастыру туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
3) Алматы қаласының аумағында 19 шілде мен 22 шілде аралығындағы кезеңде Алматы қаласының Орталық мешіті белгілеген онлайн режимінде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында мал сою цехтары мен базарларының жұмысына (оның ішінде тірі күйінде), сондай-ақ мал союды жүргізуге, оларды автомашиналардан және жекеменшік үй иелерінен өткізуге тыйым салынады
4) қала тұрғындарына құрбандық шалуды qurban2021.kz сайтына өтінімдер бере отырып, онлайн режимде жүргізуді қамтамасыз етсін;
5) мұқтаж адамдарға тарату кезінде қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген адамдарды тарта отырып тез бұзылатын өнімдерді (құрбандыққа шалынған малдың етін) тасмалдау және сақтау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау;
6) Алматы Орталық мешітімен бірлесіп, халыққа COVID-19 індеті жағдайында «Құрбан айт» мерекесін ұйымдастыру мәселелерін түсіндіру үшін Call-орталықтың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыө етсін.
Сондай-ақ, бас санитарлық дәрігер құрбандық шалуды онлайн режимде жүзеге асыруға арналған малдарды қоспағанда, малдарды қала аумағына әкелінуіне жол бермеу үшін қалаға кіреберісте бекет орнату туралы қаулы шығарды.