Алматыда рұқсат етілмеген митинг өтті

Бүгін Алматыдағы орталық алаңға ондаған адам жиналып, олар өз әрекеттерін 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алуға арналған деп түсіндірді.

Шеруге шыққандарды ешкім ұстамаған жоқ. Полицейлер құқықтық тәртіптің сақталуын қадағалап отыр. Шерушілердің алдына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бабақұмаров келді

Адамдар митингіге плакаттар ұстап, ұрандатып шықты. Митинг 1986 жылы қалада және 2011 жылы Жаңаөзенде болған оқиғаларды еске алуға арналғанм деп хабарланды. Айта кетейік, шеру жергілікті билікті алдын ала хабардар етпей өтіп жатыр.

Тәуелсіздік монументінің алдындағы алаңға бірнеше жүздеген адам жиналды. Олардың ішінде белсенді Жанболат Мамай мен Мұхтар Тайжан бар.

Бастапқыда кейбір наразылық білдірушілер дұға оқып, Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды. Содан кейін белсенділер бірнеше топқа бөлініп, шеру ұйымдастырды.

Шерудің жалғасуына жол бермеу үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен Алматы полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағы келді. Адамдар топтарға бөлініп, түрлі мәлімдемелер, эмоциялық қойылымдар жасады.

Ешкімді ұстаған жоқ — шерушілердің бірнеше тобы қоршауға алынды. Олар өз кезегінде ұрандар айтып, бейбіт жиындарға құқылы екендігін мәлімдеді.

Осындай жағдай бірнеше сағатқа жалғасты — тәртіп сақшылары шерушілердің одан әрі өтуіне жол бермеді, алайда оларды ұстамады.

Оларға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров шықты. Ол шерудің рұқсат етілмегендігін айтып, жиналғандардан өз плакаттарын түсіріп, шеруді тоқтатуларын сұрады.

«Біз күш қолданғымыз келмейді, ұстап алып кетуді қаламаймыз. Алайда дәл қазір болып жатқан жағдай заңсыз болып саналады. Жиналғандарға плакаттарды түсіріп, жиынды тоқтатуды ұсынамыз. Қалаған адамды керек жеріне жеткізіп тастауға дайынбыз, бірақ плакат болмауы керек. Алайда көріп тұрғаңыздай бізді ешкім тыңдап жатқан жоқ», — деді Ержан Бабақұмаров.

Сонымен қатар, қоршалғанына қарамастан, белсенділер Абай даңғылына бет алды. Әзірге ұстап алып кету болған жоқ.

«Бұл азаматтар әкімдікке митинг өткізу туралы өтініш беруі керек еді. Бірақ олай істемеді. Біз оларға заңның бұзылып жатқаны туралы айттық. Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында полицейлер жиынды тоқтатып жатыр. Біз оларды тыңдағымыз келетінін айттық. Алайда олар байланыс орнатқысы келмеді», — деді әкімдік өкілі Айдар Есенбаев.

Жалпы алғанда, шенеуніктер қамауға алғысы келмейтінін, алайда наразылық білдірушілер оларға бас таңдау қалдырмайтынын айтты.

Добавить комментарий