Алматыда полиция қызметкері әйелді қағып өлтірді

Алматыда полиция қызметкері 49 жастағы әйелді қағып өлтірді.

Бұл жайтты қалалық полиция департаменті растады.

«3 тамыз күні сағат 23:25-те 1993 жылы туған Hyundai маркалы қызметтік көлік жүргізушісі, патрульдік полиция полкінің қызметкері Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Ақпаев көшесі қиылысында 49 жастағы әйелді қағып кетті. Әйел оқиға орнында қайтыс болды», — деді полиция.

Жүргізушіні уақытша ұстау абақтысына қамалды. Полиция аталған факті бойына ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол ережелерін бұзуы немесе көлік құралдарын пайдалануда абайсызда адам өліміне әкеп соқтыруы» бойынша қылмыстық іс қозғады.

 

Добавить комментарий