Денсаулық сақтау департаменті хабарлағандай, алматылық оқушылар ағымдағы оқу жылының екінші тоқсанынан бастап дәстүрлі форматта оқи алады.
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин «Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары туралы» туралы қаулыға өзгерістер енгізді.
Атап айтқанда, оқу жылының екінші тоқсанынан бастап 300 оқушыға дейінгі контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі қалалық мектептерді дәстүрлі форматта оқуға рұқсат етіледі.
Сондай-ақ, ата-аналардың өтініші бойынша қалалық мектептерде 1-5 сыныптарға дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейінгі кезекші сыныптарға 15 балаға дейін оқуға рұқсат етілді.