Алматыда мас күйіндегі адам Арбатта полиция қызметкерін соққыға жықты

Алматыдағы Арбатта болған қылмысқа  куәгерлердің бірінің бейнекамерасы куә болды. Бейнежазбада мас күйіндегі ер адамның полицейді соққыға жыққан сәті бейнеленген.

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, бұл оқиға қазанның 25-і күні сағат 19.00-де Алмалы ауданында болған.

«Жібек Жолы көшесі және Абылай хан көшесінің қиылысында тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне азаматтар жүгінген, олар мас күйінде болып, айналасындағыларды балағаттаған адамның әрекетіне шағымданған. Тәртіп сақшылары алдымен оған ауызша ескерту жасады, алайда ол ашуға ерік берді. Заңға қайшы әрекеттерді болдырмау кезінде және оны тергеу үшін Полиция басқармасына жеткізбек болған кезінде ол полицейдің бетінен жұдырықпен ұрған. Нәтижесінде ер адам ұсталып, ПБ-ға жеткізілді «, — деп хабарлады аймақ ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 380-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адам УҰИ-ге қамалды.

Ер адамның жеке басына келетін болсақ, ол 25 жаста, Алматы облысының тұрғыны, бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, соның ішінде адамды тонағаны үшін. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Добавить комментарий