Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысындағы саябақта спортшыны еске алатынды коммуналдық қызметкерлері алып тастады.
Естеріңізге сала кетейік! 2018 жылы осы саябақта танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіріп кеткен.
Бұл орын мәнерлеп сырғанаушының жанкүйерлері үшін көрнекті орынға айналды. Ол қайтыс болғаннан кейін бұл жерге оның жанкүйерлері шам жағып, гүл шоқтары мен ойыншықтар әкеліп қоятын.
Воркаут алаңының жанындағы биік торлы қоршауда оның портреті, плакаттар, жанкүйерлері мен достарының хабарламалары, қызыл ленталар мен гүлдер ілінген. Уақытша мемориал төрт жыл тұрды.
Қазір бұл қоршау жоқ және мәнерлеп сырғанаушының суреті және басқа да атрибуттар жоғалып кетті, бірақ воркаут алаңының өзі әлі де орында тұр.
Торлы қоршауда ілінген Теннің суреттері, ленталар мен гүл шоқтары жоғалып кетті.
Денис Деннің қола ескерткіші мен гүлзарға оның қайтыс болғанына бір жыл өткеннен кейңн орнатылған мемориалдық тақта өз орнында тұр.
Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының хабарлауынша, гүлдер мен плакаттар скверді абаттандыру жұмыстары кезінде алынып тасталған.
«Жұмыс аяқталғаннан кейін олар қайтарылады», — деді басқарма өкілдері.
Айта кетейік, көктемде осы саябақта жөндеу жұмыстары басталған. Жөндеу жұмыстары Денис Теннің мемориалына қарсы бетте жүргізілуде. Ағымдағы жылдың сәуір айында Алматы әкімдігі абаттандыру жұмыстары аясында суару жүйелерін, брусчатка төсеу, балалар мен спорт алаңдарын, сыртқы жарықтандыру тіреулерін, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату, сондай-ақ жасыл желектерді отырғызу бойынша жұмыстар қарастырылғанын хабарлады.