Алматыда әкімдік қызметкерлері пара алғаны үшін ұсталды

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік желіде аудандық әкімдіктің шенеуніктерінің заңсыз сыйақы — пара алды деген күдікпен ұсталғаны туралы хабарламаға түсініктеме берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы қаласы бойынша Тергеу басқармасы аталған мемлекеттік орган (Наурызбай ауданы әкімдігінің — ред.) қызметкерлерінің пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, — деп жауап берді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет редакцияның сауалына.

Ведомстводағылар атап өткендей, басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды

Добавить комментарий