Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабұлов Алматыда карантин шаралары күшейтілетінін мәлімдеді.
Байғабұлов «омикрон» штамын жұқтырғандар саны артқанын және Алматы «қызыл» аймаққа өткенін айтты. Қаулыға сәйкес, қалада карантин шаралары бес күн ішінде күшейтіледі, бірақ бұдан да ерте болуы мүмкін.
«Әрине, бұл Алматы қаласындағы соңғы оқиғаларға байланысты кәсіпкерлер мен қала тұрғындарына қосымша жүктеме болды. Бірақ коронавирус «ешқайда кеткен жоқ», екпе салдырмаған халыққа белсенді түрде әсер етеді», — деп атап өтті Байғабұлов.
Жоспарлы карантиндік шектеу шаралары енгізетін күні туралы толығырақ қосымша хабарланатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы мен Атырау облысы коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа өткен болатын.