Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері коронавирус бойынша жағдай пессимистік сценарий бойынша дамып жатқанын хабарлады
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, биылғы жылдың 25 маусымынан бастап коронавирустың «үнді» штаммына негізделген эпидемияның төртінші толқыны болып жатыр. Төртінші толқынның шыңына 12 тамызда жеттік. 29 шілдеден бастап тәулігіне шамамен 1,5-1,6 мың жағдай тіркеліп жатыр.
Шілдеде аурушаңдық өсімі тамыздың бірінші аптасынан бастап жоғары жұлқына көтерілді: шілденің бірінші аптасы — 2 843, шілденің екінші аптасы — 5 324, шілденің үшінші аптасы — 6 397, шілденің төртінші аптасы — 9 852 жағдай, тамыздың бірінші аптасы — 10 728, тамыздың екінші аптасы — 10 529, тамыздың үшінші аптасы — 10 786 жағдай.
«Сонымен қатар, 18 тамызда (2 847) және 19 тамызда ( 2318) диагнозы расталғандардың өсімі көп азаматтардың жазғы демалыстан соң жұмысқа жаппай шығуына қатысты профилактикалық мақсаттағы ПТР-тесттілеудің ұлғаюымен байланысты болды. Бұл ретте белгісі білінетін науқастармен қатар белгісі білінбейтіндердің де қатары көбейді: 13-17 тамызда 5,5% , 18 тамызда 6% және 19 тамызда 7,5%. Бұл жағдай оқу жылының басына дейін өседі, өйткені демалушылардың негізгі бөлігі жұмысқа енді шы,ады, сәйкесінше алда ПТР-тестілеу профилактикалық мақсатта артады», — деп атап өтті Жандарбек Бекшин өз баяндамасында.
Сонымен қатар, инфекцияның тасымалы индексі тамыздың басындағы 1,2-ден 25 тамызға қарай 1,03-ке дейін төмендегені байқалады, бұл эпидемия толқынының бәсеңсігенін көрсетеді деп болжанады.
«Осы көрсеткіштерді ескере отырып, эпидемияның дамуы пессимистік болжамға сай жүріп жатыр, тамыз айының соңына дейін КВИ-дың тағы 11 мың жағдайы тіркеледі, жалпы тамыз айы бойына бойына шамамен 48 мың жағдай тіркелді, КВИ жұқтыру жағдайы қыркүйектің екінші жартысына қарай ақырындап төмендей береді, ондайда бір айда 10 мыңға дейін жағдай тіркеледі», — деп хабарлады бас санитарлық дәрігер.
25 тамыздағы мәлімет бойынша бұл айда КВИ-дың 36 753 жағдайы тіркелді, бұл жыл басынан бері барлық жағдайлардың 31% құрайды: 118 082 жағдай. Екінші аптадағы тәуліктік өсім 1,2%деңгейінде қалып отыр.
Ауру белгісі айқын науқастардың үлесі өсуде: өткен апта 94,2% болса, осы аптада бұл көрсеткіш — 94,7%.