Алматы қалалық сотының шешімімен Наурызбай ауданындағы Ақжар шағын ауданында орналасқан мейрамхана бұзылады. Қала құрылысын бақылау басқармасы нысанның қажетті рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқанын анықтады.
Мейрамхана иесіне анықталған бұзушылықтар туралы ескерту жасалып, проблеманы жою туралы ұсыныс берілді, алайда меншік иесі талаптарды орындамады. Нәтижесінде мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз берілді, ол толық көлемде қанағаттандырылды.
Жауапкер сот актісімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді, бірақ сот шешімі өзгеріссіз қалды.
Нәтижесінде, 2023 жылдың 13 сәуірінде сот орындаушыларының қатысуымен мейрамхананы сүру процесі басталды.