Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Алматыда ересек ағаштарды жаппай кесу фактісі тіркелді

20 августа 11:22 / Опубликовано в Қоғам

Ағаштардың кесілгенін байқаған куәгерлер бей-жай қалмай, барынша атсалысқан. Олар қала аудандарының бірінде мыңға жуық ересек ағаштар кесілгеніне билік назарын аударды.

Жасыл экономика басқармасы тергеу жүргізуге уәде берді.

Сюжетте Алматы қаласының тұрғыны Татьяна Пилпани әуесқой бейнебаянды түсірген, кадрларда тамыры жұлынған мыңдаған ағаштарды байқауға болады.

Жақында ғана, осыдан он күн бұрын, біз осында тағы да бір рет көтерілгенде, жасыл желектің жоқтығын және үлкен жол төселгенін көрдік. Осы жолмен жүріп, талай ағаштың жойылғанын байқадық, – дейді Пилпани.

Оның айтуынша, бұрын мұнда мыңдаған алма мен өрік өскен. Оқиға орнына бірден экологтар мен қоғам өкілдері келіп, ағаш кесу фактісін тіркеді. Бірақ, тәртіп бұзушыларды сол жерде ұстаған жоқ.

Мұнда жүріп жатқан жұмыс – топырақтың зақымдануы. Бұл бізде қалқымалы топырақ. Балшық өзіне ылғалды сіңіріп, оны шығармайды. Жер көшкіні немесе сел болған жағдайда алдында қандай құрылыс болсын бәрін төменге жаймап кетеді , – деп мәлімдеді эколог Тимур Елеусізов.

Сонымен қатар, қалалық жасыл экономика басқармасы ағаштарды кесуге ешкім рұқсат берген жоқ деп мәлімдеді. Бұл әрекеттердің заңдылығын тексеру тағайындалды.

Аталған факті бойынша аталған учаскеге Басқарма рұқсат бермеді. Бұл факті бойынша жойылған ағаштардың нақты саны анықталатын болады. Тәртіп бұзғаны үшін өтемдік ағаш отырғызу отырғызу және әкімшілік айыппұл салу қарастырылған, – деді қалалық жасыл экономика басқармасының бас маманы Нұрлан Құттыбаев.

Жасыл экономика басқармасының хабарлауынша, аталған факті бойынша жан-жақты тергеу жүргізіледі.

Жасыл желектерді заңсыз кескені үшін бірқатар жазалар қарастырылған. Мысалы, жеке тұлғаға кесілген бір ағаш үшін 20 АЕК-ке дейін, заңды тұлғаларға бірнеше есе көп төлеуге тура келеді. Сондай-ақ, жаңа заң бойынша заңсыз кесілген әрбір тал үшін тәртіп бұзушы 10 ағаш отырғызуға тура келеді. 

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: Алматы, ағаш, ағаш кесу, жасыл желек, эколог

Читать ещё

Орал: Газ тарифтерін көтеру бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті
Тұңғыш Президент кітапханасының директоры қызметінен босатылды
Алматы: Қалаға ең көп қандай мамандар қажет

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Қарағанды облысы: Жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

    Қарағанды облысындағы тас жолда жол апаты орын ...
  • Бастауыш сынып оқушылары қашықтықтан оқыту формасына ауысады

    Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департам...
  • Бір тәулікте 1430 жаңа науқас анықталды

    Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфек...
  • Молдова Конституциялық сотының төрағасы – орыс тілінің статусы туралы

    Молдавия Конституциялық сотының (КЖ) төрағасы Д...
  • Әзірбайжан азаматы ҚР-дағы порт тұрағында қайтыс болды

    Ашық дереккөздерден хабарлауынша, Құрық портыны...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: