Алматыда өз өмірін қимақ болған ер адамды алматылық полицейлер бұл қадамнан бас тартуға көндірді. Белгісіз ер адамның шатырдың шетінде отырғанын жергілікті тұрғындар құқық қорғау органдарына хабар берді, ол «Көкмайса» ықшам ауданындағы үйлердің бірінің шатырында отырды.
Жергілікті тұрғындар полицейлерге суицид жасамақ болып отырған ер адам туралы хабарлады.
«Азаматтар маған жүгінгенде, мен әкімшілік бөлімімде стационарлық полиция постында отырдым. Көрсетілген үйге тез жүгіріп бардым, сондай-ақ, патрульдік полициядағы әріптестерімнен көмек сұрадым. Мен ер адамды әңгімелермен алаңдатып, асығыс әрекет жасамауға көндіріп жатқанда, патрульдік полицейлер төбеге көтерілді», — дейді, Жетісу аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Нұрлан Конусов.
«Біз оқиға орнына бірнеше минут ішінде жеттік. Қай жағынан ешкімге білдірмей шатырға шығуға болатынын жергілікті тұрғындар көрсетті. Серіктесіміз екеуміз жасырын түрде десе де болады, шетіне қарай өрмелеп бардық және ашуланған адамды сол жерден алып шықтық. Учаскелік инспектор осы уақыт бойы төменде болды, оны әңгімелермен алаңдатты»,- деп хабарлады, Алматы қалалық ПД ЖПҚБ ППП инспекторы, полиция аға лейтенанты Абылайхан Оқасов.
Өзіне қол жұмсамақ болған — Шығыс Қазақстанның тумасы екендігі анықталды. Оның айтуынша, жеке басының мәселелері үшін күйзеліске ұшыраған кезінде суицидке бару туралы шешім қабылдаған.