Алматыда екі есірткі тобының жолы кесілді: жыл басынан бері 33 адам ұсталды

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласы Ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері қала аумағында әрекет еткен екі есірткі тобының жолын кесті.

Екі ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерінің интернет арқылы синтетикалық есірткінің ірі партияларын жасауға және таратуға қатысы бар.

«Мефедрон» және «Aльфа-PVP» жасырын өндірісі бойынша 2 есірткі зертханасын ұйымдастырған Қырғызстан азаматы мен төрт Қазақстан азаматы ұсталды.

«Тінту іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 4 кг синтетикалық есірткі, және 40 литр жартылай дайын есірткі заты, 1 кг гашиш, 20 кг астам химиялық қоспа және зертханалық жабдықтар табылып, алынды», — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Қылмыстық «тауардың» әлеуметтік мессенджерлер арқылы байланыссыз тәсілмен жасырын жерге қалдыруды жүзеге асыру жолымен таратылғаны анықталды.

Осы фактілер бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу материалдарын ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

«Есірткі заттары мен прекурсорлардың ірі партиясын жасырын жасап, Алматы қ. «қара нарығына» жеткізудің өсуін тіркеу тоқтаусыз жалғасып отырғанын атап өту қажет», — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

2021 жылдың басынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті есірткі затының заңсыз айналымының 18 фактісінің жолын кесті, синтетикалық есірткі жасайтын 10 жасырын зертхананың жұмысын тоқтатты. Заңсыз айналымнан шамамен 255 кг есірткі заты алынды.

Есірткі бизнесімен айналысқаны үшін 33 адам ұсталып, қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Добавить комментарий