Алматыда дәмханалар мен мейрамханалардың жұмысы ұзартылды

Алматыда қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына қатысты карантин жеңілдіктері енгізілуде. Бұл туралы оңтүстік астананың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

«Қоғамдық тамақтану нысандарына қатысты шектеу шаралары сақталып отыр. Біз жалғыз жеңілдікті тұрғын үйлерде емес, жеке орналасқан нысандар үшін жасадық. Халықтың тұрмыс жағдайына өздерінің шулы эффектерімен әсер етпейді. Нысандардың жұмыс ұзақтығы 00.00 сағатқа дейін ұзартылды. Осы уақытқа дейін шығарылатын сауда, яғни тапсырыс бойынша қызмет те ұзартылды», — деп хабарлады Бекшин.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыдағы коронавирус жағдайын тұрақты деп бағалаған болатын.

Добавить комментарий