Алматыда қала орталығын қайта жаңарту процесі белсенді түрде жалғасуда, осы бағытта дүңгіршектері бар жазғы кафені сүру басталды. Нысандарды сүру туралы шешімді сот шығарды, қала құрылысы бақылау басқармасының тапсырмасы бойынша іске асырылды.
Төле Би көшесінің солтүстігінде, Момышұлы көшесінің батысында орналасқан сауда павильондары бар кафе жаяу жүргіншілерге арналған тротуарды басып алып, мемлекеттік қордың жерінде жазғы кафе мен дүңгіршектер заңсыз салынған.. Бұрын учаске жалға алу құқығымен меншік иесіне тиесілі болған.
Ұзаққа созылған сот тексерулерінен соң мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот өз бетінше салынған құрылыстарды сүру және учаскені ортақ пайдалануға қайтару туралы шешім шығарды. Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бүгін нысандарды сүру және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын заңсыз нысандардан арылту басталды.