Алматыда биснесті рейдерлік жолмен басып алған: тың мәліметтер жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігі компанияларды рейдерлік жолмен басып алу фактісі бойынша қозғалған іс материалдарына қатысты егжей-тегжейлі мәлімет берді.

Алдын ала болжам бойынша зардап шегушіге келтірілген шығын көлемі 18 млрд теңгеден астам қаражатты құрайды.

Ведомствода атап өткендей, 14 шілдесінде Р.Бабаев, Т.Танашев, Д.Әбижанов және А.Алтыбасаровқа қатысты сот қамауға алуды санкциялады. Қоспаев, Шалин және Имашев халықаралық іздеуге жарияланды.

Мүлікті анықтау және тыйым салу шаралары қабылданды. Жоғарыда аталған азаматтардың $9 млн жуық құрайтын қаражаты, зергерлік бұйымдары қамауға алынды. Күдіктілер мен оларға қатысты тұлғалардың 154 жылжымайтын мүлік объектісі, 19 көлік тәркіленді, — деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Бұдан басқа, жарияланымда айтылғандай, аталған топ мүшелерінің рейдерлік әрекетінен зардап шеккен азаматтардан арыздар әлі де келіп түсуде.

Шілденің ортасында Алматыда танымал бизнес-құрылымдарды басып алу бойынша рейдерлік топ әрекет еткені белгілі болды.

Қылмыскерлер зорлық-зомбылық, қоқан-лоққы, бопсалау арқылы еліміздегі белгілі кәсіпкерлерді өз мүлкін тегін беруге мәжбүрлеген.

Бір апта бұрын, 24 тамызда Алматы соты бизнесті рейдерлік жолмен басып алған күдіктілерді қамауға алу мерзімі ұзартылғанын хабарлаған.

Добавить комментарий