Алматы облысының Талғар ауданында тұратын балалар Алматыда із-түзсіз жоғалып кетті. Олардың барлығы бір үйдің балалары. Оқиға туралы әкесі айтты. Ақпарат әлеуметтік желіде белсенді таралып жатыр.
Хабарланғандай, балалар 25 қазан күні таңертең сағат 10:00 шамасында жоғалып кеткен. Оларды соңғы рет Алматыдағы Думан ықшамауданында көрген, ал балалардың өздері Алматы облысының Талғар ауданына қарасты көршілес Бесағаш ауылында тұрады.
Жоғалған балалардың әкесі Жанболаттың айтуынша, куәгерлер соңғы рет Арман, Иманғали мен Ақеркені Думан ықшамауданындағы дүкенде бәліш сатып алғанын көргенін айтты. Содан бері оларды ешкім көрмеді. Ақерке қызыл түсті, ал ұлдары қара түсті күртеше киген. Оларда телефон жоқ.
Алматы облысының полициясы ақпаратты растады. Құқық қорғау органдары кейінірек толық ақпарат беруге уәде берді.