Хабарланғандай, жүйеге 93 бағдаршам нысанын қосу арқылы Автоматтандырылған жол қозғалысы жүйесін (АЖҚЖ) жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2-ші кезеңде 357 бағдаршамды қосу жұмыстары 2021 жылға жоспарланған.
«Аталған жүйе жол қиылыстарында жол қозғалысын нақты уақыт режимінде реттеуді, бағыттар бойынша қозғалыстың нақты қарқындылығын ескере отырып, көлік қозғалысы статистикасын есептеуді, бейімделу режиміндегі уақытты кері есептеу таблосының жұмысын, мамандандырылған көліктің басым рұқсаттамасын қамтамасыз етеді.
Екінші кезең аяқталғаннан кейін жүйе қоғамдық көлік пен жедел қызмет машиналарының абсолютті немесе тіркелген (таңдау бойынша) басымдығын ескере отырып, көлік ағынын өзгертуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, аталған жүйе жол қиылыстарындағы жүктемені нақты уақыт режимінде есептеуге және көлік ағынын өзгертуге мүмкіндік береді.
30 бағдаршам нысаны мен 70 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысына, сондай-ақ 70 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелін LED-жарықтандырумен жарақтандыру және бейімделгіш басқарылатын 14 бағдаршам объектісінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде», — деп Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов мегаполисте көше-жол желісін жетілдіру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеді.
ЖКО талдауына сүйене отырып, Алматының әкімшілік полициясы келесі бағдаршам нысандарында қосымша секция орнатуды ұсынады. Абай даңғ. — Тілендиев к., Абай даңғ. — Тұрғұт Озал к-сі, Райымбек даңғ. к-сі — Емцов көш. Рысқұлов даңғ. — Жангелдин көшесі.
Ақпарат үшін: ағымдағы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде ЖКО салдарынан зардап шеккендер саны 40,1%-ға, ЖКО кезінде қаза болғандар саны 42,3% -ға төмендеді.