Алматыда бұзақылықтың алдын алу үшін 30 бейнекамера орнатылды

Алматыда бұзақылықтың алдын алу үшін 30 бейнекамера орнатылды, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Түрксіб ауданында жыл соңына дейін жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерінің көтергіш құрылғылары қалпына келтіріледі.

Қазірдің өзінде бұзақылықтың алдын алу үшін 30 бейнебақылау камерасы орнатылып, Түрксіб ауданының ПБ-на бейне көрініп отырады. Бұл туралы қала әкімінің м.а. Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Жыл соңына дейін ауданда 174 мекенжай бойынша 322 бейнебақылау камерасы орнатылады. 2023 жылдың сәуір айында 96 мекенжайға «Сергек» автоматтандырылған-бағдарламалық кешенінің 448 камерасы іске қосылады.

Добавить комментарий