Алматыда аса қауіпті қылмыскер тергеу изоляторынан қашып кетті


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/10/speech-40549-1665770803-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Бүгін, 2022 жылғы 14 қазанда Алматыда тергеу изоляторынан аса қауіпті қылмыскер қашып кетті, деп хабарлайды ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

1995 жылы туған Жамбыл облысының тумасы Дәуренбек Сейітбеков 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

Қашып кеткен ер адам тергеу изоляторында болған. Ер адам суицид жасауға және өзіне дене жарақатын салуға бейім.

«Қылмыскердің атыс қарумен жүргені туралы ақпарат жоққа шығарылмайды», — делінген ашық дереккөзде.

«Қазіргі уақытта өңірдің ҚАЖД және ПД қызметкерлері қашқынды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде», — делінген ҚР ІІМ ҚАЖД хабарламасында.

Қала полициясы аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 426-бабы «Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан қашу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

«ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес тергеудің егжей-тегжейі мәліметтері жария етілмейді. Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеруді бастад «, — деп толықтырды полициядағылар.

Добавить комментарий