Алматыда қар жауып, көктайғақ болады деп күтіледі

5-6 қазан және 7 қазанға қараған түні Алматыда жаңбыр жауып, арты қарға ұласады деп күтілуде, деп хабарлайды қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы.

Ауа температурасы 0-ден +4 градусқа дейін төмендейді. Көктайғақ болады деп күтілуде.

«Осыған байланысты автокөлік иелеріне жазғы дөңгелекті қысқы дөңгелекке ауыстыруға кеңес береміз. Жұмысқа кешікпеу үшін автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер таңертең үйден ертерек шығуға қамдануын сұраймыз», — делінген ведомство хабарламасында.

Жолдың жүру бөлігінде қатқан мұздың пайда болу ықтималдығына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты асырмай, көлік арасындағы қашық аралығын сақтап, маневрлер мен тежелулерден аулақ болуға кеңес береміз.

Жаяу жүргіншілер жолында көктайғақтың пайда болу мүмкіндігіне байланысты тротуарда жүргенде сақ болуға кеңес береміз.

Добавить комментарий