Алматыда 11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға қараған түні қалың қар жауып, 30-дан астам жол апаты орын алды. Полицияның мәліметі бойынша, төрт жағдайда зардап шеккендер болды, алайда құрбан болғандар жоқ.
Алматы қаласы жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев ауа райының нашарлауына байланысты жолдардағы қауіпсіздікті сақтауға және қысқы дөңгелекке ауыстыру қажеттігін атап өтті.
Қалада тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды мұқият болуға және өңірдегі ауа райының нашарлауы жағдайында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.