Оңтүстік елордада тұрғын үй қорын жөндеу бағдарламасы аясында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ескі кварталдарда 683 жаңа үй тұрғызылады, олар бұзылатын ескі үйлердің орнына пайда болады. Аумақта тек тұрғын үйлер ғана емес, сонымен қатар жайлы өмір сүруге қажетті барлық инфрақұрылым салынады.
Жөндеу бағдарламасының басталғаны туралы осы жұмыстардың операторы болып табылатын «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан хабарлады.
Бағдарлама 2021-2025 жылдарға арналған.
«Қалада ескі ғимараттар адамдардың өміріне және денсаулығына қауіп төндіреді. Тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы ескі үйлердің орнына жаңа функционалды және заманауи нысандар салуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бұзылған тозығы жеткен үйлердің аумағында тұрғын үйлер ғана емес, халыққа жаңа қызмет көрсету нысандары салынады, жаңа желілер тартылады, саябақтар, бульварлар, алаңдар, қоғамдық орындар пайда болады», — деп хабарлады ӘКК.
Жөндеу бағдарламасының негізіне енген ескі үйлердің тізімі осы үйлердің тұрғындарының аудан әкімдіктеріне жиі жүгінуі негізінде құрылды.
Бағдарламада жүзеге асыру механизмінің екі нұсқасы қарастырылған:
- «Алматы» ӘКК және жеке инвестор жүзеге асыратын жобалар;
-
мемлекеттік қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын жобалар.
Алматы қаласының әр ауданында ескі үйлер бұзылады деп жоспарлануда.
ӘКК хабарлағандай, бұған дейін 2012-2015 жылдарға арналған Алматы қаласында апатты үйлерді бұзудың пилоттық бағдарламасына сәйкес, 56 ескі үй сүріліп, 63 көппәтерлі тұрғын үй салынған болатын. Осы бағдарламаның арқасында 579 отбасы жаңа пәтерге қоныстанды.
Бағдарламаға енген мекенжайлар тізімі ӘКК сайтында қол жетімді