Алматыда 30 зират жабылады

Алматыда пацдаланылмайтын 30 зират жабылады.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында зираттардың бірі орналасқан аумақта тұратын аудан тұрғыны өз жерлерін пайдалануы үшін зираттарды жабу туралы шешім қашан қабылданатынын сұрады.

«Қалада 70 зират бар, олардың 30-ы жабылады. Қолданыстағы заңнама процедураны ешқандай жолмен реттемейді. Қазіргі уақытта Алатау ауданы бойынша зиратты жабылу туралы екі қаулы дайындалып жатыр», — деп хабарлады аудан әкімінің орынбасары Асқар Амрин.

Қала әкімі зираттардың көбі қаланың балансына өтпегенін атап өтті. Оның айтуынша, алдымен оларды қаланың балансына өткізіп, техникалық бағалау жүргізу және одан кейін жабу туралы қаулы дайындау қажет. Қазіргі таңда ол зираттарды жабу туралы шешім қабылдай алмайды.

Добавить комментарий