Еңбек мобильділігі орталығы мен Алматының мансап орталығы жұмыс іздеп жүрген алматылықтар үшін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады.
Шара 20 қазанға жоспарланған. Өтетін орны — Достық, 56 мекенжайындағы Абай алаңы.
Бос орындар жәрмеңкесін өткізудің мақсаты жастарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыз азаматтарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту болып табылады. Жәрмеңкелерді өткізу компания өкілдеріне өз кәсіпорындарының мүмкіндіктерін таныстыруға мүмкіндік береді, жұмыс ал іздеушілер қысқа мерзімде персоналды таңдауға мүдделі жұмыс берушілермен сөйлесе алады, қызықтыратын бос орындарды таңдап, таңдалған бос орынға өту үшін әңгімелесуден өте алады.
Іс-шара сағат 11:00-де басталады және біз барлық ниет білдірушілерді қатысуға шақырамыз. Барлық туындаған мәселелер бойынша Алматы қаласының мансап орталығына Достық даңғылы 85, «Әлеуметтік қызметтер үйі» мекенжайы бойынша хабарласу қажет. Сонымен қатар, қаланың 8 ауданында орталық мамандары азаматтарды қабылдау және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.