Алматы әкімі балаларды тегін спорт секцияларымен қамту үшін 10 спорт нысанын салуды жоспарлап отырғанын айтты. Бейінді клубтар ашу жұмыстары жүргізілуде.
«Біз қазір кешенді бағдарламалар жасадық, яғни спорт кешендерінің құрылысы. Биыл бюджет есебінен алты спорт кешені салынады. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер кешендерді салуда. Екіншіден, ашық алаңдар жасалынуда. Біз осы ашық алаңда балаларды спортпен шұғылдандыру үшін тәжірибелі жаттықтырушыларды шақырып жатырмыз», — деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Жалпы, биыл 10 спорттық нысанның құрылысы жоспарланған, оның алтауы — жергілікті бюджет есебінен. Бұл 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, соның ішінде Жетісу ауданының Айнабұлақ-2, Кемел, Құлагер шағын аудандарында, сондай-ақ, Медеу ауданының Алатау және Түрксіб ауданының Жас-Қанат ықшам аудандарында. Сонымен қатар, Алатау ауданында жабық және ашық корттары бар теннис орталығының құрылысы жоспарланған. Құрылыс жұмыстары басталды, аяқталу мерзімі — 2021 жыл.
Сонымен қатар, биыл орта мектептердің 52 стадионын жаңғырту жоспарлануда. Сондай-ақ, «Сұңқар» ХШТК-ның екінші кезегінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, «Жаңа Алматы» бағдарламасына сәйкес спорт секцияларын кеңейту жұмыстары жүргізілуде, Оның басымдықтары Наурызбай, Алатау, Түрксіб және Жетісу аудандарының тұрғындары үшін спорт қолжетімді болады.