Алматыда 1 қыркүйек күні 301 мектепте алғашқы қоңырау соғылды

Бүгін Алматыдағы мектептерде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті, жаңа оқу жылы басталды. Биыл бірінші сыныпқа 31,5 мыңнан астам оқушы барды.

Биыл оқушылар үшін 301 мектеп өз есігін айқара ашты, оның 210-ы мемлекеттік және 91-і жеке меншік.

Биыл қалада бірінші сыныпқа 31 500-ден астам оқушы барды. Олар үшін алғашқы қоңырау соғылды. Бірінші сынып оқушыларына «Әліппе» немесе «Букварь» берілді. Биыл алғаш рет қазақ тілінде оқытатын бірінші сынып оқушыларында орыс тілі сабағы болмайды. Олар оны екінші сыныптан бастап оқи бастайды.

Алматы әкімдігінің мәліметі бойынша, биыл қала мектептеріне 290 мыңнан астам оқушы барған. Оқушылардың нақты саны кейін белгілі болады.

Добавить комментарий