Алматы: жекеменшік үйдің ауласында қарасора плантациясы табылды

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Алматыдағы жеке меншік үйдің ауласынан қарасора плантациясын тапты.

«Бастапқыда жедел және арнайы іс-шаралар кешені жүргізілді. Жедел ақпарат расталды. Күдіктілер ұсталды. Ер адамдар Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан өз үйінің ауласында марихуана өсіргені анықталды. Бақшадан сот-химиялық сараптамаға сәйкес жалпы салмағы 24 келі 300 грамм болатын 98 түп жабайы қарасора тәркіленді», — деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның барысында жастар қандай мақсатта тыйым салынған шөпті өсіргені анықталатын болады

Добавить комментарий