Алматы және Алматы облысының бұрынғы ПД басшысы қызметінен босатылды

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Күдебаевтың қызметінен босатылғаны туралы ақпаратты растады.

Еске салайық, 11 сәуірде Бас прокуратура Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) және полиция департаменттерінің ғимаратын және Алматы әуежайын қараусыз қалдырып кету фактілері бойынша аталған органдардың басшылары күдікті деп танылғанын хабарлады.

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысы ПД-ны Қүдебаев басқарған, жаппай тәртіпсіздік басылғаннан кейін оның орнына Заппаров келді.

Күдебаев Алматы облысы полициясын екі рет басқарған: 2012 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың қазанына дейін және 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтары аралығында, ал 2013 жылдың қазаны мен 2020 жылдың қаңтарын аралығында Алматы ПД бастығы болған.

Добавить комментарий