Алматы: Зейнеткер үйінде марихуана өсірген

Полиция қызметкерлері алматылық зейнеткерді ұстады. Егде жастағы ер адам үйінде марихуана өсірген.

Алматылық полицейлер қаладағы үйлердің бірінен есірткі жылыжайын тапты — ол жерде қаладағы Медеу ауданының 74 жастағы тұрғыны иелік еткен.

«Тексеру барысында есірткіні жылыжайда өсіру дерегі анықталды. Қарасораға ұқсайтын өсімдігі бар құмыралар табылды. Шынайы тиесілігін сот-химиялық сараптама анықтайды», — деді Медеу аудандық ПБ-ның бастығы Дәурен Өтебаев.

Қарт кісі шөпке осыдан он бес жыл бұрын әуестеніп қалғанын, сондықтан оны өзінше өсіруге бел буғанын айтты.

Құрамында өсіруге тыйым салынған есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Добавить комментарий