Алматы әуежайының базасында COVID-19-дың «үнді штамы» жөнінде отырыс өтті

Эпидемиологтар Қазақстанда коронавирустық инфекцияның үнді штаммының таралу қаупін жоққа шығармайды.

Алматы әуежайы базасында қалалық штабтың көшпелі отырысы өтті. Жиын барысында эпидемиологтар коронавирустың жаңа «үнді» штаммы туралы сөз қозғады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің ресми Telegram-аккаунты хабарлады.

Алдымен Алматы халықаралық әуежайының аумағында және вокзалдарда санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы тексерілді. Терсеруге әкім орынбасары Ержан Бабақұмаров, қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин және Алматы ҚДБ басшысы Нариман Табынбаев қатысты. Кейінірек қалалық штабтың отырысы өтті. Жиын әуежай базасында өтті. Оған әкімдік пен ДСМ өкілдерінен бөлек, әуе айлағының басшылығы да қатысты. Эпидемиологтардың айтуынша, “Дельта” штаммы жоғары жұқпалы әрі анықталған штамдарға қарағанда 60% жұқпалы. Ғалымдардың зерттеулері коронавирустың бұл штамм ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің ықтималдығы жоғары екенін айтты. Сонымен қатар, Бекшин үнді штаммының симптомдары басқа, үйреншікті штаммдардан өзгеше екенін атап өтті. «Мысалы иіс сезу болмауы мүмкін. Алайда, аурудың белгілері болған кезде дереу дәрігерді шақыруыңыз керек, өйткені жаңа штамм қауіпті. Осыған байланысты қала тұрғындары өзін-өзі емдеумен айналыспауы керек», — деді санитарлық дәрігер. Әкімнің орынбасары Е. Бабақұмаров Санитарлық-эпидемиологиялық қорғаудың барлық шараларын күшейтуді, оның ішінде Әуежай қызметкерлерін вакциналауға шақырды. Сондай-ақ әуежайды дезинфекциялау жұмыстары жалғасатын болады. Алматы эпидемиологтары қауіпті «Дельта» штаммынан туындауы мүмкін коронавирустық инфекцияның жаңа толқынын жоққа шығармайды. Алматы қаласының коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі қалалық штабы тұрғындарды вакциналауға, сондай-ақ бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырды.

Добавить комментарий