«Air Astana» әуе компаниясының баспасөз қызметі Алматы әуежайында орын алған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Атап айтқанда, компанияға тиесілі Airbus A320 ұшағы тіркеп сүйремек болғанда Boeing 767 ұшағын жанап өтті, екінші ұшақта осы компанияға тиесілі.
Аталған оқиға 29 мамыр күні Алматы әуежайында әуе кемесін тіркеп сүйремек болғанда орын алғаны нақтыланды. Аталып өткендей, бортта жолаушылар болмаған.
«Ангардың техникалық тұрағы аймағында техникалық жұмыстарды жүргізу үшін ұшақты тіркеп сүйремек болғанда А320 ұшағы Boeing 767 ұшағының тұрақтандырғышын шарклетпен жанап өтті. Екі борт та Air Astana әуекомпаниясына тиесілі. Қазіргі уақытта екі әуе кемесінде де жөндеу-техникалық жұмыстар жүргізілуде. Тергеу амалдары жүріп жатыр», — деп хабарлады әуекомпания өкілдері.