Алматы тауларында жоғалып кеткен турист табылды

Тауда жоғалған турист табылды. Ол досының үйінде болған.

Еске салайық! 17 шілдеде 28 жастағы алматылық тауға шыққан. Алайда, туыстарының айтуынша, келесі күні қайтып оралмаған. Оны іздеу үшін құтқару тобы жіберілді.

Алматы қалалық ТЖД хабарлауынша, 18 шілде күні сағат 23:35-те туристің ағасы қоңырау түскен.

«Д. 17 шілде күні кешке дейін Көкжайляу — Үш ағайынды бағыты бойынша тауға шығып, осы уақытқа дейін оралмаған», — деп мәлімдеді туысы.

Сағат 23:50-де Үлкен Алматы көлінің бақылау-құтқару пунктінен құтқарушылар тобы оқиға орнына шықты.

19 шілдеде таңертең туристің аман-есен екені белгілі болды.

«Досының үйінде болып шықтым. Оның ағасы қоңырау шалып, іздеуді тоқтатты», — деп хабарлады ҚР ТЖМ «РЖҚЖ» ММ баспасөз қызметі.

Добавить комментарий