Алматы тауларында көшкін болды: Франциядан келген турист қаза тапты

Алматы тауында қар көшкіні болып, Франция азаматы қаза тапты

Оқиға орнында алты адам болды, оның бесеуі — Франция, біреуі — Қазақстан азаматы. Зардап шеккен бір шетелдік құтқарылды.

Алматы қаласының ТЖД түсіндіргендей, туристер тау шаңғы теуіп, қар көшкініне себепші болған. Зардап шеккен Франция азаматының иығы мен жамбас сүйегі жарақаттанды.

Төрт адам зардап шеккен жоқ, бір адам жарақат алып, біреуі қар көшкінің астында қалып, қаза тапты. Оқиға орнында құтқарушылар жедел-тергеу тобын күтуде, деп хабарлайды Алматы ТЖД баспасөз қызметі.

13 сәуірде «Молодежный» шыңы аймағында көшкін болған. Қар көшкіні астында екі адам қалды. Кейін құтқарушылар зардап шеккендердің бірін тауып алғаны хабарлады — оның иығы шығып кеткен.

Добавить комментарий