Алматы: тауда адасып кеткен туристер құтқарылды

Алматы тауларында адасып кеткен екі туристті құтқарушылар, Проходная өзенінің шатқалынан тауып алды.

Оқиғаның мән-жайы. Ағымдағы жылдың 2 мамыр күні кешке екі жас жігіт құтқарушыларға Үлкен Алматы шыңы ауданында адасып кеткенін хабарлады.

ТЖМ қызметкерлері көмекке шықты. Олар автокөлікпен космостанцияға жетіп, (теңіз деңгейінен 3600 метр биіктіктегі) шыңға шықты. Жас жігіттер таудың қарама-қарсы бетінен, Проходная өзенінің шатқалынан табылды.

«Құтқарушылардың автокөліктеріне жету үшін, қайтадан шыңға көтерілу қажет болды. Ол үшін жастардың күші болмады. Сол үшін, құтқару бөлімшесінің командирі өзен шатқалы арқылы түсуге шешім қабылдады. Кейін қараңғы түсіп, ауа райы нашарлап, қар аралас жаңбыр жауып кетті. Күн батып, шатқалда жүру қауіпті, көріну өте нашар болды. РЖҚЖ құтқарушыларына туристермен бірге тоқтап, таң атуын күтуге тура келді. Күту кезінде зардап шеккендерді тамақтандырып, ыстық шай берді», — деп хабарлады ведомстводан.

Таң атысымен құтқарушылар зардап шеккендерге көмек көрсетіп, оларды Алма-Арасан көлік тұрағына жеткізді.

Добавить комментарий