22 наурызда таңертең Алматыдағы тау бөктеріндегі «Pioneer» тау шаңғы курорты маңында жылымықтың әсерінен және жауын-шашынға байланысты көшкін жүрді. ТЖМ хабарлауынша, қар массасы курорттың шаруашылық құрылысына жетті, алайда қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қар массасының көлемін ауа райы қауіпсіз болғанда өлшенеді.
ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін курорт әкімшілігіне қарі көшкіні қаупіне байланысты сақтық шаралары туралы ұсыныс беріліп, келушілердің келуіне шектеу қойылған еді. Өңірде 165 қар көшкіні алқабы бар, оның 18-і қауіпті.
Министрлік 20 наурызда қар көшкіні жүру қаупі туралы ескерту жасаған еді. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына қар көшкінін болдырмау үшін тік қарлы беткейлерге шығуға кеңес берілмейді.